• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2022

Жол бойындағы құбырларға қызметтік тексеру басталды

202 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ «Алматы-Өскемен» тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр салынған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады.

Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалған. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қалалық «Каздорпроект» ЖШС әзірледі және «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты.

Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүргізіліп жатыр.

Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.